• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Тамыз, 2022

Кіші Талдыкөлге ағаш отырғызылады

422 рет
көрсетілді

28 тамыз кіші Талдыкөлдің аумағына ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде 600-ге жуық жапырақты ағаш отырғызылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге салайық, кіші және үлкен Талдыкөл бойынша эко-урбандалу қағидаттарын пайдалана отырып, қалалық аумақты елорданың саябақ аймақтарымен интеграциялау бойынша жұмыс жалғасуда.

Нұр-Сұлтандағы кіші және үлкен Талдыкөлде экопарк құрылады. Осы мақсатта бірінші кезеңде 1 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бүгінде үлкен Талдыкөл бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Кіші Талдыкөл су объектісіндегі су балансын сақтап, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.