19 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сапар барысында Қазақстан мен Ресей басшылары кездесіп, екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды», делінген хабарламада.