Қарағандыда үш жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қарағандыда үш жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетіп, көз жұмды. Оқиға қаланың оңтүстік-шығыс тұрғын алабында болған. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен», деп хабарлады бейсенбі күні ТЖД баспасөз қызметі.