• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Тамыз, 2022

Көлік полициясы есірткі тарату арнасының жолын кесті

241 рет
көрсетілді

Көлік полициясы қызметкерлері есірткі тарату арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде көлік полицейлері арнайы мақсаттағы жедел ден қою отрядының қызметкерлерімен бірге есірткіні заңсыз сақтау және өткізу бойынша күдікті деп танылған Шымкент қаласының 49 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған азаматты тінту барысында одан жалпы салмағы 7,5 келіге жуық кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, күдіктінің тұрғылықты жері бойынша есірткі заты салынған қап тәркіленді, олардың бір бөлігі 38 газет бумасына және 43 дана сіріңке қорабына салынған.

Күдікті өз кінәсін мойындады, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.