Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордағы сілтеме жасап.
«Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты қошеметпен күтіп алды», делінген хабарламада.
Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайтыны жоспарланған.