Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен өткізген кездесуінен кейін Ресей Президентінің бастамасымен құрылған «Сириус» білім беру орталығында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысы орталықтың жұмысымен, даму тұжырымдамасымен және ғылыми-технологиялық кластер құру жоспарымен танысты.
«Сириустың» қызметі спорт, өнер, ғылым және шығармашылық салаларында ерекше қабілеттерін танытқан дарынды балаларды ерте анықтауға, дамытуға және одан әрі кәсіби түрде қолдауға бағытталған.