• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Тамыз, 2022

Алматы тұрғынынан 23 келіден астам есірткі тәркіленді

149 рет
көрсетілді

Алматылық ер адамның үйінің ауласынан  23 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық «Қарасора» іс-шарасы аясында Медеу ауданындағы үйлердің бірінде 57 жастағы Г.есімді азамат ұсталды.

«Күдіктінің үйінен рұқсат етілген тінту кезінде жалпы салмағы 23 келіден асатын марихуана есірткісі табылып, тәркіленді. Үйдің іргесіндегі аумақтан да өзі өсірген 6 түп қарасора табылды», дейді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мәулен Қасымжан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Тергеу ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігіне (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) сәйкес қосымша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешіп жатыр.