• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Тамыз, 2022

Биыл 12 мыңға жуық жұмыскердің құқығы қорғалды

316 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 568 кәсіпорнында 14,2 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 223,9 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 505 нұсқама беріліп, 85,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 2 млрд 850 млн теңге төленді.