• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Тағайындау 22 Тамыз, 2022

Абай облысы Ветеринария басқармасының басшысы тағайындалды

406 рет
көрсетілді

Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысы Ветеринария басқармасының басшысы болып Ержан Барышев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ержан Мұратбекұлы Аягөз ауданында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «агроменеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «АлРун» ЖШС ӨБК мал дәрігері болып бастаған. ҚР АШМ Курчатов қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық инспекторы және бас ветеринарлық инспекторы болып жұмыс істеді.

2012-2016 жылдары – ҚР АШМ ВКП Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы.

2016-2017 жылдары – ШҚО бойынша «Bioteh Group» ЖШС менеджері.

2018-2020 жылдары - «AVA QAZAQSTAN» ЖШС аймақтық менеджері, 2022 жылдан бастап аймақтық филиалдың директоры болып қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар