• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2014

Парламент

381 рет
көрсетілді

Жолдау заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етіледі

Шығыс Қазақстан облы­сы­на келген Парламент Сена­ты Эко­номикалық даму жә­не кә­сіпкерлік комитетінің төраға­сы Талғатбек Абайділдин аймақ­тың атқарушы және өкілді билік өкілдерімен кездесті. Т.Абай­ділдин, сонымен қа­тар, кірпіш және цемент зау­ыт­тарының, «Спектр» газе­ті­нің еңбек ұжымдарымен, Се­мей қаласындағы бизнес коллед­жі­нің оқушыларымен және про­фес­сорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Сенатор жүздесу барысында Парламенттің заң шығару қызметі, Президент Н.Ә.Назарбаевтың ха­лыққа Жолдауында алға қойылған міндеттерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі Сенат­тың биылғы жылғы жұмыс жос­пары туралы әңгімеледі, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. *** Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Оразкүл Асанғазы Ақмола облысы, Бурабай ауданының Мәдениет және Абылай хан ауылдарында тұрғындармен жүздесті. «Нұр Отан» партиясының бағ­дарламасында ауылды дамытуға назар аударылып отыр. Абылай хан ауылына барғанда, тұрғындардың тұрмысы жақсы екеніне көзім жетті. Ауылда жол, ауыз су мәселесі шешімін тапқан, мектеп пен балабақша жұмыс істеп тұр. Ал Мәдениет ауылында тұрғындар үлкен жолдан ауылға бұрылған тұстағы 9 шақырымдық жолдың күрделі жөндеуден өтпей тұрғанын және электр жарығының жиі-жиі сөніп қала беретінін алға тартты. Ауыл басшылығы жолдың жобалау-сметалық құжаттарын дайындап жатыр екен. Келер жылдары ол мәселе де шешілуге тиіс. Бұл тұрғыда Ақмола облысының әкімімен өзім де сөйлесемін», деді О.Асанғазы. Сондай-ақ, депутат Көкшетау қаласындағы педагогикалық колледждің ұжымымен кездесті. «Оған арнайы барғанымның себебі, 12 жылдық білім беру жүйе­сіне өткелі жатырмыз. Оқушы­ға білімнің негізі бастауышта қаланады ғой. Сондықтан педкол­ледждің рөлі өте зор. Білім саласындағы өзгерістер, жаңа­лықтар туралы аталған оқу ор­нының ұстаздарымен, шәкірт­терімен керемет бір кездесу болды. Келелі ойлар, ұтымды ұсыныстар айтылды», деді О.Асанғазы. *** Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Абай Тасболатов Қарағанды облысында болып, Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы еліміздің алдына қойылған өзекті мә­селелерді халыққа түсіндіру мақ­са­тында сайлаушылармен кездесті. Парламент Мәжілісінің депу­тат­тары А. Тасболатов, Т.Өмір­зақов, Т.Ерғалиев Сәтбаев қала­сына қарасты спорт-сауықтыру кешені жұмысымен танысып, спорттық іс-шараларға қатысты. Депутаттар Жезқаған қала­сының әкімі Серік Шайдаровпен, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлерімен, Ауған соғысына қатысушылармен, өңір жастарымен кездесу өткізді. Қорғаныс істері департаментінде болып, онда жұмыс атқаратын әскери қызметкерлермен пікір алмасты. Кездесулер барысында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. Мақсаттар-2017. Ұлттық іс-әре­кет­тер жоспары» тұғырнамасы, Пре­зидент Н.Ә.Назарбаевтың «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы Жолдауының басымдықтары және Мәжілістің заң шығарушылық қызметі жайынан хабардар етті. А.Тасболатов барлық аудан­дардағы азаматтарды өз өтініштері бойынша жеке қабылдаулар өт­кізіп, нәтижесінде шағымдар уә­кі­летті мемлекеттік органдарға жолданатындығын айтып, әрбір көтерілген сауалға тиісті жауап болатынын жеткізді. *** Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай және Көкпекті аудандарында сайлаушылармен кездесулер өткізді. Кездесулер аталған аудан­дардың Көкжыра, Құмғол, Ақ­суат, Қарасу, Ақжар, Көкпекті ауыл­дарының тұрғындарымен өтті. Сонымен қатар, депутат Ақ­суат ауылында орналасқан Ха­лық­қа қызмет көрсету орталы­ғына, №1 дәрігерлік амбулато­рия мен жаңадан ашылған Ха­лық банкінің бөлімшесіне барып, халыққа қызмет көрсету жұ­мы­сымен танысты. Көкпекті ауы­лындағы балалар үйінде тәр­бие­леніп жатқан балалардың тұрмыс-тіршілігін көрді. Кездесулерде халық қалаулысы сайлаушыларға Елбасының «Қа­зақ­стан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қа­зақстан халқына Жолдауының басым бағыттары, Парламенттің заң шығарушылық қызметі, «Нұр Отан» партиясының ағымдағы жұ­мысы туралы айтып берді. Сайлаушылар тарапынан көп­теген сұрақтар қойылып, мәсе­ле­лер көтерілді. Азаматтардың сұрақ­тарына депутат тарапынан толық жауап берілді. Азаматтар өз өтініштері бойынша депутаттың жеке қабылдауында болды. *** Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Бекенов Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Теңіз ауылдық округінде кездесу өткізді. Жиынға ауыл тұрғындары, Га­гарин мектебінің педа­го­ги­калық ұжы­мы, «Айсамал» бала­­бақ­­шасының ұжымы, округ әкімі аппаратының қызмет­кер­­лері, ауылдық клуб ұжымы, «Сар­сенбаев Е» шаруа қожалы­ғы­ның қызметкерлері, қоғамдық қыз­мет­керлер қатысты. А. Бекенов Елбасының 2014 жыл­ғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым ба­ғыттары, Парламенттің заң шығару қызметі, «Нұр Отан» партиясының ағымдағы жұмысы туралы айтып берді. Ауыл тұрғыны, ауданның Құрметті азаматы Ұ.Жадығұлов, ауыл тұрғындары А.Ғұмаров,Т.Хауы­сов, А.Құбаев С.Қалиев сұрақ­тар қойып, ұсыныстарын біл­дірді. Жиынға аудан әкімі А.Ба­ра­қатов, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, т.б. келді. *** Парламент Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев аймақтарға сапары аясында қасиетті Түркістан қаласында және Қызылорда облысының  Шиелі және Жаңақорған  аудандарында болып, сайлаушылармен және  жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Алғашқы келелі жиын Түр­кістан медициналық колледжінде болды. Депутат оқу орнының бі­лім беру базасымен танысып болғаннан кейін колледж студент­терімен пікір алмасты. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жастар қауымын ел игілігі жолында аянбай еңбек етуге шақырды. Одан әрі Түркістан қалалық кә­сіпкерлік бөлімінде ұлттық кәсіп­керлер палатасының, әкімшілік және бизнес қауымдастық өкіл­дерінің,  сонымен қатар, БАҚ-тың қатысуы­мен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірде кәсіпкерлік саласын дамыту, инфрақұрылым және ауыз су мәселесі сөз болды. Қызылорда облысының Шиелі ауданында болған депутат «КНК КЕМИКАЛ» ЖШС жұмысымен танысты. Сапар барысында өңір­дегі кәсіпкерлікті дамыту мәсе­лелері тақырып өзегіне айналды. Ал Жаңақорған ауданында же­ке кәсіпкерлердің және шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, егін басына барды.