• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Тамыз, 2022

Сот жүйесінен нақты өзгерістер күтіледі

127 рет
көрсетілді

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Алматы облысы Талғар ауданында құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті. Бұл жөнінде Жоғарғы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде конституциялық реформаның негізгі ережелері, қылмыстық саланы жаңғырту, қылмыстық процесте азамат­тардың құқықтарын қорғау және үш буынды модельді іске асыру мәселелері талқыланды.

«Құқық қорғау жүйесін жетілдіру «Прокуратура туралы» Конституциялық заңды әзірлеуді көздейді. Про­куратура органдарының мәрте­бесін Конституция­лық заң деңгейінде бекіту заңды­лықты арттыруға, прокурорлар қызметінің кепіл­діктерін нығайтуға ықпал етеді. Сон­дай-ақ прокуратура­ның жоғары қадағалау органы ретіндегі құ­қық қорғау әлеуетін күшей­теді», деді Владимир Волков.

Өз кезегінде, аудан прокуроры депутатқа заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы мәлімет берді. Сонымен бірге ол прокуратура аса ауыр санаттағы қылмыстар бойынша айыптау актілерін жасайтын қылмыстық процестің үш буынды моделінің екінші кезеңінің іске асырылуы туралы айтып берді.

«Прокурорлардың жұмысы айтарлық­тай өзгерді. Олар­дың өкілеттік­терін арттыру­мен қатар жауапкершілік те күшейе түсті. Азаматтардың қылмыстық процеске негізсіз тартылуына жол бермеу және процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын қорғау маңызды», деп атап өтті сенатор.

Сонымен қатар Владимир Волков Үлкен Алматы айналма жолы құрылысының барысымен танысып, Талғар ауданындағы 1 200 орын­дық жаңа мектепке барды. Тұрғындармен кездесуде депутат қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру, сондай-ақ цифрландыруды енгізу мәселелерін талқылады.

«Қоғам құқық қорғау және сот жүйелерінен нақты өз­герістер күтуде. Қазақстанға азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін барынша қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық жүйе қажет», деді депутат.

Ал Парламент Сенаты­ның депутаты Ерік Сұл­танов Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауда­нындағы бірқатар әлеу­меттік нысанға арнайы барды. Депутат Ленинград ауылдық округін абаттандыру барысымен, жаңа диірменнің жай-күйімен және Дәуіт-Ленин­град автожолының күрде­лі жөндеу жұмыстарымен таныс­ты. Ерік Сұлтанов аудан тұрғын­дарымен кездесуде жер­гілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ба­сым­дықтарды атап өтіп, «Көкшетау жолдары» ЖШС-ның жұмысына оң баға берді.

«Еліміздің барлық автожолын жаңғырту, заманауи, жайлы және сенімді көлік инфрақұрылымын құру – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жол­дауында қойылған маңызды міндеттердің бірі», деді сенатор Ерік Сұлтанов.

Депутат Уәлиханов ауданының шаруаларымен кездесіп, ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелерді талқылап, астық қоймасының, мал шаруашылығы және тауарлы сүт фермасының қызметімен танысты.

Кездесу барысында сенатор жерлестеріне Палата қызметінің қорытындылары туралы айтып, өткен сессия барысында қабылданған заңдардың негізгі нормаларына тоқталды.