АСТАНА. 9 мамыр. Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысында орын алған ірі жол-көлік апатында қаза тапқан жолаушылардың аты-жөндерін жариялады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 7 мамыр күні 8:50 сағатта «Самара-Шымкент» трассасының 1892-шақырымында, облыстың Шиелі ауданындағы Тартоғай стансасы жанында орын алған. Апат жолаушылар таситын «Мерседес» микроавтобусы (жүргізушісі 1980 жылы туған Д.Фазылов) мен «Ленд Крузер» (жүргізушісі 1976 жылы туған Б.Нұрмағанбетов) көлігінің бетпе-бет соқтысығуларынан орын алған. Автобустың салонында 18, қарсы көлікте 1 адам отырған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен микроавтобустың сегіз жолаушысы сол жерде қаза тапты. Олардың арасында мыналар бар: М.Касымбаева (1949 ж.т), Ж.Сейдахметов (1963), У. Қалменова (1963), О. Құрбанова (1948), Э.Арынова (1981), Н. Сахиева (1955), Б.Бейбітова (1959), К.Сапарова (1966). Тағы мына 9 кісі ауруханаларға жатқызылды: К.Ержанов (1978), А.Камал (1980), А.Зәкенов (1958), Н.Кемелбеков (1950), М. Сырыбайқызы (1959), Р.Мамытова (1939), Б.Досқұлов (1947), Г.Қамысбаев (1983), Г.Бейсенов (1978).
Ауыр жарақат алғандар арасында жағдайлары қиындары бар.
Құрыш Нұрымбет.
Дереккөз: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Фото: mgorod.kz.