АСТАНА. 9 мамыр. Бүгін Беларусь астанасы – Минск қаласында хоккейден әлем чемпионаты басталып, 4 матч ойналады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС тілшісі хабарлады.
Жаһандық жарыс В тобындағы Швецария және Ресей құрамалары арасындағы матчпен жергілікті уақыт бойынша сағат 17:45-те басталады. Ойын «Минск-Арена» спорт кешенінде өтеді. Осы мезгілде келесі спорт аренасы – «Чижовка-Аренада» А тобындағы Франция мен Канада құрамалары мұз айдынына шығады.
Қалған екі кездесу 21 сағат 45 минутта керуен кереді. Олардың біріншісінде В тобындағы Беларусь пен АҚШ командалары «Минск-Аренада» шайба түйістіреді. Келесі жұпты А тобындағы Чехия мен Словакия құрайды.
Руслан Игілік.
Дереккөз: ИТАР-ТАСС.
Фото: ИТАР-ТАСС/Артем Коротаев.