• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2014

Ларионов: Овечкин Ресейді чемпион ете алады

266 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 мамыр. Ресейдің аты аңызға айналған хоккейшісі Игорь Ларионов Минскіде өткелі жатқан әлем чемпионаты алдында өзінің осыған қатысты ой-пікірлерін білдірді. Бұл туралы «Чемпионат.Ру» веб-сайты хабарлады. Олимпиялық ойындардың екі дүркін чемпионы Игорь Ларионов Ресейдің Минск чемпионатында өтетін алғашқы матчтарын өз көзімен көрмекші. Ол өз елінің құрамасы Сочидегі қарағанда, мұнда жинақы ойын көрсетеді деп есептейді. -Турнирде Ресей құрамасынан қандай нәтиже күтуге болады? -Мен оның ойыны қорғаныстан гөрі шабуылда көбірек өтеді ғой деп ойлаймын. Біз екі жағын үйлестіре ұстайтын ойын көретін боламыз. Менің күтетінім осы. Команданың құрамына қарап тұрып, жаттықтырушының импровизацияға көптеп баруына мүмкіндігі бар деп есептеймін. -Ойын жарқылдап өте ме? -Бұған нақты жауап беру қиын. Себебі, мен Олимпиадада оның АҚШ пен Словакияға қарсы өткен екі ойынын ғана көрдім. Бәрі де ойыншылардың өздерін қалай ұстауларына байланысты. Ал ойынға шыққан кезде, қателік жіберіп алудан қорқып, жасқаншамақтау керек. Егер команда өзіне өзі сенімді болса, оның жеңуге деген мүмкіндігі де артады. -ҰХЛ ойыншыларының көпшілігі келуге келіскені таң қалдырмай ма? -Жоқ, бұл қалыпты жайт. Жігіттер өздері өткізген қиын маусымнан кейін құрамада ойнау олар үшін борыш болып саналады. -Ягрдың турнирдегі шешімі таң қалдырған жоқ па? -Таң қалған жоқпын. Маусым сәуірде аяқталады, ал сен үзілістің айтарлықтай ұзаққа созылып кететінін байқайсың. Сосын ұзағырақ ойнағың келеді. Егер плей-офф болғанда, ол сонда ойнар еді. Бірақ клубтың енді ойнайтын ойындары жоқ. Ал төрт-бес айда ойынды жоғалтып алуың мүмкін. Оны ардагерлер былай тұрсын, ойнамай жүрсе, жастардың өзі де жоғалтып алады. Сондықтан мен Ягрдың шешімін дұрыс деп санаймын. Уақыт болса кетіп бара жатыр. Бұл, бәлки, оның соңғы әлем чемпионаты да шығар. -Олимпиялық ойындар жылы өтетін әлем чемпионатында қызық қалмайды деседі... -Мен олай демес едім. Әлем чемпионаты – бұл әлем чемпионаты, жас талантты ойыншылардың байқауы. Сөз жоқ, Мұнда Кросби, Кейн, Тэйвз, Дацюк, Гранлуд жетіспейді. Бірақ өзгелерге өздерін көрсететін мүмкіндік бар. Мұнда, Беларусьте жаңа есімдерді ашатын жаңа хоккей фестивалі өткелі тұр. Мәселен, біз бұған дейін Маккиннонды көзбе-көз көрген жоқ едік. -Жастар Ресей құрамасында да бар. -Иә, бұл жақсы. Жаттықтырушылар жас жігіттерге нендей қабілеттері бар екендерін көрсетулеріне мүмкіндіктер беріп отыр. Енді ше? Ойыншыларға Еуротурларда емес, баға жетпес тәжірибе алатын осындай турнирлерде көз салу керек қой. Қай кезде де тәуекел етпесе болмайды. Дәл қазіргі жағдайда ол өзін өзі ақтайды. Бұған қоса, Ресей құрамасында тәжірибелі және жас ойыншылардың тең жиналып қалған. Мұның болғанының өзі жақсы. -ҰХЛ плей-офф ойындарын қадағалап отырдыңыз ба? -Мен матчтарын көрген жоқпын, тек ҰХЛ-ды қадағалап тұрдым. -Овечкиннің ойыны туралы не айтасыз? Ол пайдалы әсері төмендігі үшін сыналып жүр. -Ол кешегі күннің әңгімесі. Қазір жаңа парақ ашылады. Ол не болғанда да, команданың лидері. Енді жұрттың бәрі бәрін басынан бастайды. Овидің аты – Ови, ол гол соға алатын, команданы соңына ерте алатын және тоғыз ойыннан тұратын шағын серияда құраманы чемпион атандыра алатын адам. Оның енді баспасөзден аулақ болып, басын тыныш сақтағаны абзал. Менің оған және басқа ойыншыларға беретін кеңесім мынау – ойынға тастүйін болып кірісу керек, сонда бәрі де орын-орнына келеді. Руслан Игілік. Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Чемпионат.Ру.