• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Тамыз, 2022

БҚО-да пара алған лауазымды қызметкерге айыппұл салынды

212 рет
көрсетілді

Орал қалалық сотында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті БҚО бойынша департаментінің қызметкерлеріне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен мәлім еткендей, аталған департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама басшысы Бақытжамал Бекқожина ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағына (пара алу) сәйкес айыпты деп танылды.

Сот үкімімен Б.Бекқожинаға параның 60 еселенген көлемінде 60 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы үкіммен парақорлыққа делдал болу дерегі бойынша дәрігер-невропатолог Римма Телбаева айыпты деп танылып, оған параның 20 еселенген көлемінде 6 млн теңге айыппұл түріндегі жаза кесілді.

Олардың екеуі де мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор нысандарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.