• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Тамыз, 2022

Маңғыстауда құжатсыз көлік басқарған 19 жүргізуші жауапқа тартылды

173 рет
көрсетілді

Маңғыстауда бір тәулікте құжатсыз көлік басқарған 19 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс көлемінде республикалық және жергілікті маңызы бар тасжолдарда қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын қадағалау барысында тәртіп сақшыларымен барлығы 386 ЖҚЕ бұзу дерегі тіркелді. Оның ішінде, ішкілікті күйде көлік басқарған бір жүргізуші, құжатсыз көлік басқарған 19 жүргізуші жауапқа тартылды. Сондай-ақ, 30 жаяу жүргіншіге жолды белгіленбеген жерден өткені үшін айыппұл салынды.

Көліктің техникалық акауы бар 16 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша хаттама жасақталса, 7 жүргізуші техникалық байқаудан өтпегені үшін осы баптың 9-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.