• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2014

Халықаралық сот Нигериядағы қыздардың ұрлану ісін қарайды

280 рет
көрсетілді

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық істер соты Нигерияда мектепте оқитын 200-ден астам қызды ұрлап кету туралы істі қарайтын болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Нигерияның Порт-Харкорт қаласында акцияға қатысушылар ұрланған қыздарды босатуды талап етуде. Бейсенбі күні жарияланған мәлімдемеде Халықаралық соттың бас прокуроры Фату Бенсуда Нигерияның Борно штатында орын алған қыздардың ұрлануы туралы ақпарға қатты алаңдап отырғанын білдірді. Оның сөзіне қарағанда, «бұл іс Халықаралық соттың қарауына түсіп отырған ерекше оқиға болмақ». Фату Бенсуда іздеу мен құтқаруға арналған операцияның балаларды үйлеріне сау және бүлінбеген қалыптарында қайтаруға мүмкіндік беретініне үміт артатынын жеткізді. «Мұндай әрекеттер ақтауға жатпайды. Бұл сұмдық қылмысқа Нигериядағы немесе Халықаралық қылмыстық сотындағы құқық қорғушылардың назарын аудару үшін барын салу керек», - деп атап өтті прокурор. Еске сала кетейік, биылғы 14 сәуір күні «Боко Харам» экстремистік тобының содырлары Нигерияның солтүстік-шығысындағы Чибок елді мекенінің лицейінде оқитын 276 оқушы қызды кепілдікке алып кеткен болатын.  Полицияның мәліметі бойынша, 53 жасөспірім қыз қашып үлгерген, ал 223-і әлі күнге дейін қарақшылардың қолдарында отыр. «Боко Харам» тобының содырлары өздерінің оқу орындарына шабуыл жасауларын «батыс оқуларының тоқтатылып, қыздардың мектепті тастап, күйеуге тиюлері керек» екенімен түсіндірді. Халықаралық қылмыстық іс соты Нигериядағы оқиғаларға 2010 жылдан бері алдын ала тексеру жүргізіп келеді. «Боко Харам» адамзатқа қарсы қылмыс жасап, әскери қылмыстарға бой ұрып жүр деп айыпталып отыр. Мұрат Айтқожа. Деркккөз: ИТАР-ТАСС. Фото: AP Photo/ Sunday Alamba.  
Соңғы жаңалықтар