• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2014

Соя соусындағы қоспа ВИЧ-пен күресте көмектеседі

390 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 мамыр. Соя соусындағы иммунотапшылық вирусының (ВИЧ) дамуын тоқтататын қоспа табылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Сәрсенбі күні Миссури штатындағы университет медицина мектебінің молекула биологиясы және иммунология профессоры Стефан Сарафьяностың басшылығымен жұмыс жасаушы зерттеушелір тобы америкалық БАҚ өкілдеріне осындай мәлімдеме жариялады. Сөз етіліп отырған EfdA молекуласын 2011 жылы Yamasa соя соусын өндіруші жапон компаниясының мамандары тапты. Сонда аталмыш қоспаның соя дәмін күшейтіп қана қоя салмай, ВИЧ-инфекциясымен ауырушыларды емдеу кезінде қолданылатын антивирусты тенофир препаратына қатты ұқсайтыны анықталған болатын. «ВИЧ-тен тенофовир арқылы емделушілер ақыр соңында осы преператқа үйреніп кететіні, соның негізінде вирустан қорғанудың тиімділік әпере қоймайтыны байқалды», - деп түсіндірді Сарафьянос. Оның айтуынша, ВИЧ-пен ауырушы науқастар EfdA молекуласына анағұрлым аз бейімделеді, соның әсерінен препарат адамға тез әсер етіп, тенофовирге қарағанда организмді баяуырақ бұзады. Ғалымдар EfdA молекуласын ВИЧ-пен ауырушы маймылдарға қолданып көріпті. «Бұл жануарлардың ауруларының күштілігі сондай, оларды жақын арада ұйықтатып өлтіруге тура келетін. Алайда, EfdA-ны қабылдағасын бір ай өткеннен кейін олар өздерін өте керемет сезіне бастады, ал олардың қандарындағы ВИЧ концентраты әрең білінетіндей дәрежеге жетті», - деп атап өтті осы зерттеу жұмыстарына қатысқан Питтсбург университетінің биохимигі Майкл Парниак. Оның айтуынша, жүргізілген тәжірибелер EfdA молекуласының белсенділігі сондай, онда аурудың дамып үлгере алмай қалатыны белгілі болған. Қазір EfdA молекуласының ВИЧ-пен күрестегі тиімділігін Американың Merck атты фармацевтік алып компаниясы зерттеп жатыр. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: ИТАР-ТАСС. Фото: AP Photo/ Sunday Alamba.