• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Өнер 24 Тамыз, 2022

«Дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр»

287 рет
көрсетілді

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген күзде Алматы қаласында өтетін концертіне қызу дайындалып жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Жаңа туындымның ор­кестрлік жазбасы үшін ұшып келдім. Латынамерикалық достарымның өтініші бойынша испан тілінде музыка жаздым. Концертке дайындық жос­пар бойынша жүріп жатыр», дейді танымал әнші Димаш Құдайберген.

Еске сала кетсек, бір айдан соң, нақтылай айтқанда, 23 қыркүйекте Алматы қала­сын­дағы орталық стадионда Димаш Құдайбергеннің Stranger атты концерті өтеді.

Сонымен қатар әншінің Алматы қаласындағы концер­тіне әлемнің 36 елінен тың­дармандар билет сатып ал­ғаны туралы ақпараттар жариялануда.