• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Тамыз, 2022

Жерорта теңізінде яхта суға батып кетті

315 рет
көрсетілді

Желіде Жерорта теңізінде қымбат яхтаның суға батып бара жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай 2007 жылы Монакода жасалған 40 метрлік Saga яхтасы Италиядағы Катанзаро теңіз жағалауынан 15 шақырымдай жерде суға батып кеткен. 

Италияның жағалау күзеті Галлиполиден Милаццоға бара жатқан борттағы тоғыз адамды, оның ішінде төрт жолаушы мен бес экипаж мүшесін құтқарған. Яхтаның неліктен суға батып кеткені әзірге белгісіз.