Ұлыбританияда электр қуатының қымбаттауына байланысты мейрамханалар мен пабтар жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Morning Advertiser басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, энергетикалық дағдарысты шешу үшін шаралар қабылданбаса, елдегі мейрамханалардың төрттен үш бөлігі жабылып қалуы мүмкін. Мейрамхана қожайындары коммуналдық шығын 100 пайыздан астамға өскенін айтқан.
Сондай-ақ кешкі ойын-сауық орындары иелерінің 80 пайызы электр энергиясының қымбаттауы шығынды ақтамайтынын жеткізген.
Мекеме иелері Үкіметтен бизнес үшін электр қуатының бағасын шектеуге бірқатар шара қабылдауды сұрады.