• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Таным 24 Тамыз, 2022

Кесеқап

6032 рет
көрсетілді

Көшпелілер дәуірінде қазақ халқы пайдаланған ыдыс-аяқ­тардың басым бөлігі те­ріден және ағаш­тан жасал­ғаны мәлім. Өйт­кені сол кезде азық-түлік са­луға, ас әзір­леуге сынбайтын, төзімді ыдыс­­тар қажет болған. Сон­дай қажет­ті­ліктен туған жә­дігердің бірі – кесеқап.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі­нің қорында сақталған бұл кесеқап 1970 жылы табылған. Күміс­тен және теріден жасалған бұйым­ның сан түрі бар. Ал музейге қойылғаны – «үш емшекті кесе­қап» деп аталады. Деректерге сенсек, дәл осы қолөнер туындысы он тоғызыншы ғасырда жасалған деседі мамандар.

«Көшпелілер дәуірінде шыны кеселер қирап қалмауы үшін ха­лық шеберлері кесеқаптар жасап, ыдыстарды солардың ішінде сақтап, тасымалдайтын болған. Кесеқаптардың «сыңар емшек», «қос емшек», «үш емшек» деген түрлері болады. Уақытында қол­өнер шеберлері оны әр түрлі ма­те­риалдан жасаған. Негізінен тері және күмісті жиі қолданған деген деректер бар. Бұл кесеқап біз­дің музейге осыдан елу жылдан астам уақыт бұрын өткі­зіліп­ті», дейді облыстық тарихи-өлке­тану музейі ғылыми-зерттеу жұ­мыстарын қамтамасыз ету бөлі­­мінің меңгерушісі Алдияр Сұ­ран­шы жәдігер тарихы туралы сыр шертіп.

 

ТАРАЗ