• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Тамыз, 2022

Әлеуметтік төлемді электронды форматта ресімдеуге болады

109 рет
көрсетілді

Жүктілікке, босануға және жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішті енді Электронды үкімет порталы (eGov.kz порталы) арқылы беруге болады.

Жоғарыда көрсетілген тө­лемге өтініш беру бойынша қызмет көрсетудің элек­трон­ды форматы Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау минис­тр­лігінің, Цифрлық даму, инно­вациялар және аэро­ғарыш өнер­кәсібі ми­нис­трлігінің және «Ұлттық ақ­параттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысы шеңберінде іске асырылды. Бұ­рын өтініштер ХҚО арқылы қағаз түрінде қабылданған болатын.

eGov.kz порталы арқылы өтініш беру үшін басты бетте «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін ашып, «Отбасыларға кө­мек» тармағын таңдап, тиісті қыз­метті табу керек.

Осыдан кейін пайдаланушы порталда авторизациялануы, онлайн қызметке тапсырыс беруі, барлық міндетті қатарларды тол­тыруы, талап етілетін файлдарды тіркеуі және ұсынылған нұс­қа­лардың бірімен өтінімге қол қоюы қажет.

Өтінімді eGov.kz порталында қарау мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. Сомасы көр­сетілген төлем тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке ка­бинетіне жіберіледі.

Электронды құжат немесе сұрау салу нә­ти­жесі туралы хабарлама одан әрі жеке кабинетте, «Қыз­мет­тер­ді алу тарихы» бөлі­мін­де қол­жетімді болады.

Аталған қызметті eGov.kz порталы арқылы алу үшін жұмыс берушінің кадр қыз­меті толтыратын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен (бұдан әрі – E-HR) электронды мәліметтер қажет екені ай­та кету керек. Сондықтан әлеует­ті көрсетілетін қыз­мет­ті алушы жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалысқа шығу туралы тиісті деректердің E-HR-ге ен­гізілгенін нақтылауы қажет