• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 25 Тамыз, 2022

Михаил Кукушкин US Open турнирінің жартылай финалына шықты

307 рет
көрсетілді

ATP рейтингінің 215-ші сатысында тұрған Михаил Кукушкин US Open біліктілігінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

«АҚШ ашық чемпионатына іріктеу кезеңінде отандасымыз Николас Кикерді 6:3, 6:7, 4:0 есебімен жеңді. Аргентиналық спортшы сетте жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты», делінген ҚТФ хабарламасында.

Біліктілік финалына шығу үшін Михаил Кукушкин испандық Фернандо Вердаскомен (124 АТР) күш сынасады.