• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Тамыз, 2022

АҚШ-тың бірінші ханымы коронавирус жұқтырды

172 рет
көрсетілді

АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден COVID-19  жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«Джилл Байденнің 24 тамызда COVID-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті. Дәл қазіргі уақытта ханымның жағдайы жақсы, ол оқшауланды», деп мәлімдеді Ақ үйдің медициналық департаменті.

Сондай-ақ департамент өкілдері Джилл Байден үй ішінде және басқа адамдардың жанында 10 күн бойы бетперде киіп жүретінін айтты.