• RUB:
    5.05
  • USD:
    491.71
  • EUR:
    529.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Тамыз, 2022

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі ұлғаяды

689 рет
көрсетілді

Энергетика министрі Болат Ақшолақов алдағы екі жылда ірі кен орындарын кеңейту есебінен және жаңа шағын кен орындарын пайдалануға беру арқылы елде мұнай өндірісі ұлғаятынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз КҚК бүгінгі таңда қазақстандық мұнайды тиеп-жөнелтудің, экспорттың экономикалық тұрғыдан рентабельді бағыты екенін әрдайым айтамыз, тиісінше, мұндағы негізгі міндет - қазақстандық мұнай экспортын өткізудің тұрақты арнасына ие болу үшін осы бағыттың үздіксіз жұмысын сақтау. Балама туралы сөз қозғағанда, бұл жерде мынадай мәселеге ден қою қажет: біз таяудағы екі жылда өзіміздің ірі кен орындарымызды кеңейту, жаңаларын іздеу, жаңа шағын кен орындарын пайдалануға беру есебінен мұнай өндіруді ұлғайтуды көздеп отырмыз», деді министр.

Оның сөзіне сүйенсек, ведомство алдағы екі жылда мұнай өндірісін 85,7 млн тоннадан 103-107 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

«Тиісінше, бұл бүгінде экспортқа тиеп жатқан көлемдер. Әрине, мұндай жағдайда біз осы көлемнің қалай жеткізілетіні туралы ойлануымыз керек. Осы тұрғыдан алғанда, біз басқа балама бағыттарды да міндетті түрде қарастырамыз», деп қосты ведомство басшысы.

Министр артылған мұнайды Қытай немесе Каспий теңізі арқылы тасымалдау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын сөз етті.