• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Тамыз, 2022

Ригада кеңестік жауынгерлерге арналған ескерткіш бұзылды

176 рет
көрсетілді

Ригадағы Жеңіс саябағында Кеңес Армиясының жауынгерлеріне арналған ескерткіш бұзылды, деп хабарлайды Egemen.kz DW сайтына сілтеме жасап.

25 тамызда Ригада орыс тілді қоғамдастықтың наразылығына қарамастан, Кеңес Армиясының жауынгерлеріне арналған Жеңіс саябағындағы ескерткішті бөлшектеу аяқталды. 79 метрлік мемориалдық кешеннің соңғы элементі бұзылды. Аталған ескерткішті бөлшектеу үш күнге созылған. 23 тамызда үш жауынгердің мүсіндері алынып тасталынып, 24 тамызда әйел фигурасы бөлшектелген.

Жеңіс саябағындағы бұл мемориалдық кешен Латвияда тұратын Кремль жақтастарының жиналатын орнына айналған. Латвия халқының үштен біріне жуығын құрайтын орыс халқы бірнеше күннен бері ескерткішті бұзуға қарсылық танытқан. Ресей үкіметі де бұл әрекетке қатаң наразылық білдірді.

Мемориалдық кешен 1985 жылы КСРО-ның фашистік Германияны жеңгеніне 40 жыл толуына орай тұрғызылған. Латвия билігі оны «басқыншылыққа арналған ескерткіш» деп атады.

Латвия Президенті Эгилс Левитс мемориалдық кешеннің бөлшектенуін құптады.

«Бұл ескерткіш депортация мен репрессияны еске салатын түрлі тағдырлармен байланысты кешен. Бізге мұндай ескерткіштің қажеті жоқ», деді ол.

Айта кетейік, мамыр айында Латвия билігі Ресеймен мемориалдық құрылымдарды сақтау туралы келісімді бұзды.