• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Тамыз, 2022

Беларусь Құрманбек Бәкиевті Қырғызстанға беруден бас тартты

179 рет
көрсетілді

Беларусьтің Жоғарғы Соты Қырғызстанға экс-президент Құрманбек Бәкиевті беруден бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Бұрынғы президентке қатысты 2016 жылғы 29 шілдедегі Сот шешімімен 2010 жылғы 7 сәуірдегі оқиғалар мен қылмыстың басқа да эпизодтары бойынша 30 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қадағалаушы орган атап өткендей, олар Беларусьтің Бас прокуратурасына 2016 жылғы 23 мамырдағы Бішкек гарнизоны Әскери сотының және әскери соттың қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі сот алқасының үкімдерін тану және орындау туралы өтініш жолдады. Сондай-ақ Бас прокуратура Бәкиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы төрт сауал жолдады.

«Беларусь Республикасы Жоғарғы Сотының хатына сәйкес, өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды. Беларусь тарапының пікірінше, оның сотталуы саяси себептер бойынша қудалаумен байланысты», деп хабарлады Бас прокуратурадан.