• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2014

Астанада шаққан адамын өлтіретін улы маса пайда болды

583 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 мамыр. Елордада шаққан адамын өлтіретін улы масалар пайда болды. Оның ошағы әзірге іргедегі ауылдарда көрінеді. Қазір біртіндеп орталыққа қарай жақындап келеді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Елорданың санитарлық эпидемиологтары қазір қансорғыштармен күресті бастап кетті. Бірақ күрес негізінен маса көрінеті қас қарайған шақта ғана жүреді. Алайда, жұртты «кеселден қорғаймыз» деп жүрген жандарды түсінбей жүргендер де жетерлік. Ал санитарлар қатердің алдын-алу мақсатында жәндіктердің өсіп-өнулері ықтимал жерлерді түгел улап жатыр. «Бөшкелерге құйылған суға СЭС қызметкерлері у араластырады. Өйткені, масаларды осы улы қоспамен ғана көзін жоюға болады», деп хабарлады КТК арнасы. «Түнімен дарылдатып жүргеніміз тұрғындарға ұнамайды. Айқайлап, ұрсып, полиция шақыртамыз дейді. Басқа амалымыз жоқ енді. Шашып жүргеніміз улы ғой. Күндіз адамдар уланып қалуы әбден мүмкін. Ал, бұл жұмыстың бәрі сол тұрғындар үшін», – дейді дезинфекциялаушы  Денис Рукаберт. СЭС қанша әлек болғанымен, жәндіктердің қауіпті түрлері пайда болуда. Бұл жолы анофлес деп аталатын маса бас көтеріпті. Қауіпті қансорғыш елорда іргесін жаулап алған екен. Енді орталыққа жаппай ағылуы ғажап емес. Ең қорқыныштысы, жәндікке таланған адам өліп кетуі мүмкін. Болмаса безгек ауруын жұқтыруы ықтимал. Астана қалалық СЭҚБ бас маманы Айбарша Дүйсенбайдың мәлімдеуінше, Астана қаласында анофлес масасының пайда болу түрі бар. Өйткені, оның пайда болуына қолайлы жағдай туып отыр. Масаның бірінші ошағы Мичурин кентінде 2013 жылы табылған. Екінші ошағы жақында Алаш тас жолынан шықты. Қансорғышпен күрес қазір күшейтіліп келеді. Оның қалаға жайылмауы үшін батпақты жерлер мен өзен-көлдер ғана емес, тұрғын үйлердің жертөлелеріне у себіліп жатыр. Ал қансорғыштардан қорғану үшін есік терезені қымтап отырған жөн. Өйткені, қауіпті жәндіктен қанша қорғанғанымен, ол осы жазда ойран салуы әбден мүмкін. Мұның үстіне, биыл синоптиктердің болжамынша елімізде жауын-шашын мол болады. Бұл тұрғынар үшін қауіп. Әсіресе жазда. Себебі, жаңбырдан кейін масаларға жан бітіп, белсенділіктері арта түседі екен. Ал масалар бас қаланы басып алмасы үшін СЭС қызметкерлері 24 тәулік бойы ұдайы кезекшілік ұйымдастырады. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: КТК. Фото: www.ooocharli.ru.
Соңғы жаңалықтар