• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Тамыз, 2022

Жапония Абэнің жерлеу рәсіміне 1,8 миллион доллар жұмсамақ

178 рет
көрсетілді

Жапон үкіметі қаза тапқан бұрынғы көшбасшы Синдзо Абэнің мемлекеттік жерлеу рәсіміне 1,83 миллион доллар жұмсамақ, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жапон үкіметі биліктегі партияның іс-әрекетіне наразы халықтың қарсылығына қарамастан, қаза тапқан бұрынғы көшбасшы Синдзо Абэнің мемлекеттік жерлеу рәсіміне 1,83 миллион доллар жұмсайды.

Еске сала кетейік, үгіт-насихат науқаны аясында елдің батысындағы Нара префектурасына келіп, халық алдында сөз сөйлеген Синдзо Абэге белгісіз біреу оқ атқан еді. Экс-премьердің денесіне оқ тиіп, ол сол мезетте жерге құлады. Арада бірнеше сағат өткен соң Синдзо Абэ ауруханада көз жұмды.