Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды», деп жазылған хабарламада.
Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.