Петропавлдың ескі саябағында шөп шауып жүрген жұмысшы қалың талдың арасынан граната тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орнына арнайы мамандар шақырылды.
Жұмысшы гранатаға ұқсайтын затты көре сала саябақты айналып өтіп бара жатқан патрульдік полиция қызметкеріне хабарлаған. Ал инспектор ақпаратты 102 арнасына жолдап, жарылғыш зат жатқан жерге ешкімді жақындатпаған.
Шақырумен келген мамандар жарылғыш зат деп күдіктенген заттың алғашқы әскери дайындық сабағын өткізуге арналған УЗРГМ типті гранатасы екенін анықтады. Бұл құрал адам өміріне қауіп төндірмейді.