• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2022

Талдықорғанда көпқабатты үйдің жанынан жас қыздың мәйіті табылды

117 рет
көрсетілді

Талдықорғанда көпқабатты үйдің жанынан 23 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 тамыз күні кешкісін Талдықорғандағы құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің жанынан жас қыздың мәйіті табылғаны хабарланды. Полицейлер марқұмның 23 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады.

«Болжам бойынша, бойжеткен биіктен секіріп, өзіне қол жұмсаған. Оны өзіне қол жұмсауға итермелеген мән-жайлар мен себептер анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.