Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушыларға 70 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық прокуратурадан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде кейбір жер қойнауын пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияға тиісті рұқсатсыз мұнай мен ілеспе газды өндіру жұмыстарын жүргізгенін анықтады», делінген хабарламада.
Жер қойнауын пайдаланушылар ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормаларын бұзу) бойынша 70 млн теңгеден астам сомаға жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мекенжайына прокурорлық қадағалау актісі енгізілгенін атап өтті.