• RUB:
    5.05
  • USD:
    491.71
  • EUR:
    529.97
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Тамыз, 2022

Әлемде маймыл шешегін жұқтыру дерегі азайды

152 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әлемде маймыл шешегін жұқтыру 21 пайызға төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ДДҰ-ның эпидемиологиялық есебіне сәйкес, 15-21 тамыз аралығында өткен аптамен салыстырғанда ауру 21 пайызға азайған.

«Қоғамдық денсаулық сақтаудың тиімді шаралары мен вакцинацияның арқасында Еуропада індет жұқтыру баяулады», деді ДДҰ бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус.

Алайда АҚШ-та маймыл шешегін жұқтырудың жоғарғы өсімі байқалады. Сондай-ақ, дүниежүзілік жағдайлардың 34 пайыздан астамы Америка Құрама Штаттарында екені атап өтілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінге дейін маймыл шешегі 96 елде анықталып, 41 мыңнан астам жағдайы тіркелген.