• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2014

Еліміз бойынша 9 Мамыр мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті

543 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 мамыр. Қазақстан халқы 9 Мамыр – Жеңіс күнін атап өтуде ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсете білді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жеңістің 69 жылдығын тойлау қарсаңында еліміздің барлық аймақтарында соғыс және тыл еңбеккерлеріне айырықша ілтипат көрсетілді. Олардың құрметіне арналған көптеген мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы мереке барысында қарт майдангерлерге пәтер кілттері және басқа да бағалы бұйымдар, ақшалай сыйлықтар тапсырылғанын да айта кетейік. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біздің халқымыздың және бүкіл ТМД халықтарының Ұлы Отан соғысында сұрқия сипатты обаны Жеңіп шығу үшін қандай ұлы құрбандықтарға барғанын әркез есте сақтауға тиіспіз. Ол әркезде де отбасында, мектеп пен жоғарғы оқу орындарында, еңбек ұжымдарында әрбір жаңа буынды тынымсыз тәрбиелеудің тақырыбы болуы керек. Фашизмді талқандаған Жеңістің ешқашан санадан өшпеуінің маңызы зор! Сондықтан 9 Мамыр – барша үшін де маңызды күн», – деген болатын. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы сөзін басшылыққа алған қазақстандықтар Жеңіс күніне барынша маңыз берді. Әсіресе, Қазақстан халқының Ассамблеясы мен этномәдени орталықтар айтулы күнде мейілінше белсенділік көрсетті. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: i-news.kz.