• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2022

Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді

667 рет
көрсетілді

Отандық БАҚ-та Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш бергені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өмірзақ Шөкеев «Кентау әкімінің қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайынмын» деген болатын. Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Шөкеевтің отставкаға өтініш бергенін растады.

Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Махажанов 42 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Кентаудың бұрынғы әкіміне қатысты үкім күшіне енді.

Шөкеев 24 тамыз күні отставкаға кетуге өтініш жазған.

Айта кетейік, Өмірзақ Шөкеев 2019 жылы ақпанда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.