Маңғыстау облысында 44 жастағы әйел үйінің ауласында есірткі өсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Маңғыстау облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 44 жастағы әйелді ұстады. Үй ауласын тінту барысында салмағы 5 келіге жуық есірткі өсімдігі тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.