• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Үкімет 26 Тамыз, 2022

Жаңа облыстардан Сенат депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланды

229 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 тамыздағы № 56/526 қаулысына қосымша

2022 жылғы 24 тамызда өткізілген Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы ХАБАР

2022 жылғы 24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өткізілді.

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Абай, Жетісу және Ұлытау облыстық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау өткізілді деп танылды.

346 таңдаушының 311-і немесе таңдаушылардың жалпы санының 89,88 проценті дауыс беруге қатысты.

12 кандидат дауысқа түсті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың келесі қорытындылары анықталды:

Абай облысынан:

2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне:

Айнұр Серікпайқызы Арғынбековаға дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 7 дауысы берілді;

Мейрамгүл Рысбекқызы Әбілғазиноваға дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 1 дауысы берілді;

Бақытжан Кәкенқаджыұлы Байахметовке дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 91 дауысы берілді;

Анжела Владимировна Масловаға дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 6 дауысы берілді.

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдердің саны – 0.

2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне:

Айнұр Серікпайқызы Арғынбековаға дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 89 дауысы берілді;

Мейрамгүл Рысбекқызы Әбілғазиноваға дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 8 дауысы берілді;

Бақытжан Кәкенқаджыұлы Байахметовке дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 7 дауысы берілді;

Анжела Владимировна Масловаға дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 1 дауысы берілді.

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдердің саны – 0.

Жетісу облысынан:

2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне:

Айдар Карбозұлы Башбаевқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 2 дауысы берілді;

Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаевқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 18 дауысы берілді;

Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисовқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 107 дауысы берілді;

Берік Тынышбайұлы Тынышбаевқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 5 дауысы берілді.

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдердің саны – 1.

2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне:

Айдар Карбозұлы Башбаевқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 1 дауысы берілді;

Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаевқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 108 дауысы берілді;

Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисовқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 14 дауысы берілді;

Берік Тынышбайұлы Тынышбаевқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 12 дауысы берілді;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдердің саны – 0.

Ұлытау облысынан:

2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне:

Бақтияр Сапарбекұлы Қожахметовке дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 5 дауысы берілді;

Советбек Тұрсынұлы Медебаевқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 38 дауысы берілді;

Зәмзәгүл Қажымұқанқызы Оспановаға дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 7 дауысы берілді;

Серік Жаманқұлұлы Шайдаровқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 8 дауысы берілді.

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдердің саны – 2.

2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне:

Бақтияр Сапарбекұлы Қожахметовке дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 4 дауысы берілді;

Советбек Тұрсынұлы Медебаевқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 7 дауысы берілді;

Зәмзәгүл Қажымұқанқызы Оспановаға дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 6 дауысы берілді;

Серік Жаманқұлұлы Шайдаровқа дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 41 дауысы берілді.

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдердің саны – 2.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Абай облысынан:

2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне 1970 жылы туған, Семей қаласының әкімі, Семей қаласында тұратын Бақытжан Кәкенқаджыұлы Байахметов;

2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне 1970 жылы туған, «Қайнар» жоғары колледжі» ЖШС директоры, Семей қаласында тұратын Айнұр Серікпайқызы Арғынбекова;

Жетісу облысынан:

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне 1977 жылы туған, Жетісу мемлекеттік университетінің деканы, Талдықорған қаласында тұратын Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов;  

2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне 1963 жылы туған, Кербұлақ ауданының әкімі, Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында тұратын Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев;

Ұлытау облысынан:

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне 1965 жылы туған, Ұлытау ауданының әкімі, Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында тұратын Советбек Тұрсынұлы Медебаев;  

2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутат­тары­ның өкілеттік мерзіміне 1965 жылы туған, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Жез­қазған қаласында тұратын Серік Жаманқұлұлы Шайдаров сайланды.

 

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы