• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2014

Оңтүстік экономикасына Малайзия кәсіпкерлері қаржы тартпақ

313 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 12 мамыр. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасымен үстіміздегі жылғы мамыр айының басында облыс кәсіпкерлері Орта Азияның Малайзия, Индонезия, Оңтүстік Корея секілді елдеріне арнайы іссапармен барып қайтты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Сапар аясында Малайзия астанасы Куала-Лумпурде «Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері» атты бизнес-форум ұйымдастырылды. Аталған шараға облыстан 20-дан астам құрылым қатысса, малайзиялық 40-тан астам компания форум жұмысында белсенділік танытты. Оның қорытындысымен отандық кәсіпкерлер машина жасау, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, туризм салалары бойынша малайзиялық әріптестерімен келіссөздер жүргізіп, ортақ меморандумға қол қойды. Атап айтқанда, В2В форматында өткен кездесуде «Шымкент құс» ЖШС малайзиялық  «Marditech»  корпорациясымен бірлесе ОМЕГА-3 майлы қышқылмен байытылған тауық жұмыртқасын өндіру және халал стандарттарына сәйкес құс етін өндіру жобаларырын іске асыруға келісімге келді. Жобаның қуаттылығы жылына 5 мың тонна экспортқа бағытталған өнім болмақ. Сонымен қатар, Оңтүстікте халал өнімдерін шығару жобасы малайзиялық кәсіпкерлерді айрықша қызықтырды. Жүргізілген келіссөздер барысында жергілікті «Қайып ата», «Шымкент инновация» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы мен «Marditech» компаниясы арасында халал өнімдерін шығару жөнінде көпжақты меморандум түзілді. Мәселен, «Қайып ата» ЖШС малайзиялық «Exim Bank» арқылы қаржыландырылдатын 10 млн АҚШ доллары көлемінде 10 мың бас ірі қара мал асырау жөнінде келісімге қол қойды. Ал Шымкент маңындағы 18 га аумаққа демалыс аумағын салу жөнінде «Көктерек» санаторийі» ЖШС мен  «Urbanisma» корпорациясы арасында құны 10 млн  АҚШ долларын құрайтын жобаға қол қойылды. Осы компания Түркістан қаласында 100 орындық қонақ үйін салуға да қызығушылық танытуда. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: egemen.kz. Фото: ru.ontustik.gov.kz.