Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) ресми түрде WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан мәлім етті. «Сүйінші! Ресми! Бүгін! Тарих жасалды! Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы болды! WBO-ның уақытша әлем чемпионы еді, қарсылас(Андраде) жекпе-жек өткізуден бас тартты. Сөйтті де қазақ автоматты түрде әлем чемпионы атанды! Бүгінге дейін WBO-ның чемпиондық белбеуін ешқандай қазақ та қазақстандық та алмаған. Бұл оқиғаның тарих дегеніміздің себебі осы. Жәнібек Әлімханұлы тарихта. Qazaq style тарихта. Қызықтар енді басталады», деді Берік Сұлтан.
WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде қазақстандықпен кездесуден бас тартып, келесі дивизионға өту туралы шешім қабылдағаннан кейін, WBO ұйымының қазақстандықты ресми түрде титулдың толық иесі деп жариялады.