АСТАНА. 12 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 19-20 мамыр күндері мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасына барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қытайдың бірқатар компаниялары басшыларымен кездесулер өткізеді», - делінген хабарламада.
21 мамыр күні Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің IV саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр. Онда тұрақтылықты және аймақтық қауіпсіздікті нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылатын болады.
Сәкен Майлыбай.
Дереккөз: Ақорда сайты.
Фото: tengrinews.kz.