Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
МКК баспасөз қызметі мәліметінше, биылғы 7 айда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 104,6% орындалды. Жоспар бойынша – 7 740,9 млрд теңге, 352,2 млрд теңгеге асыра орындалып, нақты түскені – 8 093,2 млрд теңге болған.
Оның ішінде:
- Республикалық бюджет 100,3% орындалды (жоспар бойынша – 5 417,9 млрд теңге, 18,1 млрд теңгеге асыра орындаумен 5 436,1 млрд теңге түсті), өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6 есе немесе 1 934,6 млрд теңгеге өсті.
- Жергілікті бюджет 114,4% орындалды (жоспар бойынша – 2 323,0 млрд теңге, 334,1 млрд теңгеге асыра орындаумен 2 657,1 млрд теңге түсті), 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 30,6% немесе 622,4 млрд теңгеге өсті.
2021 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы корпоративті табыс салығы бойынша 731,2 млрд теңгеге немесе 1,8 есе, мұнайға салынатын экспорттық кеден баждары бойынша 490,7 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы 333,9 млрд теңгеге немесе 1,7 есе, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы 199,8 млрд теңгеге немесе 46,0%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 90,2 млрд теңгеге немесе 18,9%-ға және пайдалы қазбалар өндірісіне салық 71,1 млрд теңгеге немесе 35,1%-ға өскені байқалады.
Сонымен, 7 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 63,3%, мырышқа 30,9%, алюминийге 30,6%, қорғасынға 5,5%, мысқа 3,2% және алтын 2,6% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 53,1%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы 7 айында – 57,9$, 2022 жылғы 7 айында 1 тонна үшін – 88,6$).
7 айда үшінші елдермен тауар айналымы 48,9%-ға өсті (экспорт 61,1%-ға, импорт 21,7%-ға).
Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2022 жылғы 6 айда өткізу бойынша айналым 18,4%-ға ұлғайды (51 627 млрд теңгеден 61 140 млрд теңгеге дейін).