• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Руханият 29 Тамыз, 2022

Шығыс Қазақстанда көне жәдігерлер көрмесі өтіп жатыр

1091 рет
көрсетілді

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында» сақ  дәуірінен сыр шертетін «Шілікті. Патшалар алқабының жауһарлары» атты көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Берел» қорық-музейі мен Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесе ұйымдастырған көрмеге Зайсан және Тарбағатай аудандарындағы Шілікті мен Елеке сазы қорымдарынан табылған 400-ден астам құнды жәдігерлер қойылды. Ең құнды деген жәдігерлерді атап айтар болсақ, 2003 жылы «Бәйгетөбе» қорымынан табылған «Алтын адамның» заттары, 1960 жылдары С. Черниковтың жүргізген қазбасы кезінде табылған жәдігерлер, сондай-ақ 2018-2021 жылдардағы зерттеулер нәтижесінде Елеке сазы қорымдарынан табылған алтын бұйымдар.

«Шілікті. Патшалар алқабының жауһарлары» көрмесі музейлер арасындағы әріптестікті дамыту және Шығыс Қазақстан облысының тарихи жерлерін халыққа кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар