АСТАНА. 12 мамыр. Бүгін Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші туры басталды. Бұл туралы Чемпионат.Ру хабарлады.
Өткен түнде 2-турдың ең соңғы екі ойыны ойналды. Оларда Швеция Чехияны буллиттен ұтты – 4:3. Ал Ресей Финляндияны 4:2 етіп тізе бүктірді.
Бүгін 3-тур басталды. Қазірге дейін 2 кездесудің нәтижелері белгілі. Олардың екеуінде де сенсация тіркелді. Атап айтқанда, Франция Словакияны 5:3 етіп жеңсе, Беларусь Швейцарияны 4:3 есебімен сүріндірді.
Енді түнде Чехия – Канада, Ресей – АҚШ араларындағы ойындар өтеді. Ал 3-турдың қалған ойындары ертең, 13 мамыр күні мына командалар арасында өтеді: Италия – Дания, Германия – Финляндия, Норвегия – Швеция, Қазақстан – Латвия.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз: Чемпионат.Ру.
Фото: Чемпионат.Ру.