• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 30 Тамыз, 2022

Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты

145 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

 

Бублик бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 72-орында тұрған франциялық Юго Гастонмен өткізді. 

Қазақстандық теннисші 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Александр екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, испаниялық Пабло Карреньо-Бустамен шеберлік байқасады.