Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД-нің қызметкерлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында мегаполис орталығындағы үйлердің бірінің қоршауы жанынан және орман алқабының жырасынан қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, «Сайга» тегіс ұңғылы мылтық, «Бенелли» аңшылық мылтығы, «Штурм» полиция қалқаны және дене бронды жилеті, сондай-ақ 115 патрон және Ф-1 оқу гранатасын тәркіледі.
ҚР ҚК 287-бабының 1-ші және 3-бөліктері «Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.