Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы А ҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 131-орында тұрған франциялық Клара Бюрельмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда франциялық спортшы басым түсті - 6:4.
Клара екінші сетте бірден 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры сол қарқынынан жаңылған жоқ - 6:4.
Осылайша, қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберді.
Бір жарым сағатқа созылған матчта Е.Рыбакина 4 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Клара Бюрель 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнтты түгел өз есебіне жазды.