• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Тамыз, 2022

Оңтүстік Кореяда елге кіру талаптары жеңілдейді

173 рет
көрсетілді

Оңтүстік Корея 3 қыркүйектен бастап елге кіру үшін ПТР тестілеу талабын алып тастайды, деп хабарлайды Egemen.kz KBS world агенттігіне сілтеме жасап.

Корея Республикасының Төтенше жағдайлар және қауіпсіздік шаралары жөніндегі орталық штабының мәліметінше, 3 қыркүйектен бастап Оңтүстік Кореяға кіру үшін ПТР сынамасын тапсырмауға болады. 

Дегенмен, елге келгеннен кейін 24 сағат ішінде COVID-19-ға тестілеуден өту талабы күшінде қалады.