• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 31 Тамыз, 2022

Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды

6872 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Президент аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты.

Түркістанда Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қатысуымен облыстық мәслихат депутаттарының бірлескен сессиясы өтті. Облыс әкімі қызметіне қос бірдей кандидат ұсынылды. Оның бірі Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды болса, екіншісі Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков. 

Депутаттардың басым бөлігі Дархан Сатыбалдының кандидатурасын қолдап дауыс берді. Бүгін Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы жарияланды.

«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын», делінген хабарламада.

Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Шымкенттен сайланған.

2019 жылдан бері Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қызмет етті.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берген болатын.